Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.217.151): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
Білім күніне орай мектебімізде «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. 
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге ерекше қуаныш сыйлады. 
Салтанатты жиында мектеп директоры С. О. Даужанов ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге сәттілік, жарқын болашақ және толағай табыс тіледі. 
Өткен оқу жылындағы мектебіміздің білім саласындағы жетістіктері де көңіл қуантады. 
44 оқушы оқу жылын аяқтап, олардың 4-еуі «Алтын белгі» иегері атанды.
Мектеп түлектерінің 41-і жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Оның ішінде 21 оқушы ақылы негізде, ал 16 оқушы жалпы конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды.
ҰБТ қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіші – 62,2%.
Бұл – оқушыларымыздың талабы мен еңбегінің, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының жемісі. Барша түлектерімізге студенттік өмірде сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Боранбаев Мырзасейіт Кенжесейітұлын зейнет демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Ұстаздық жолда ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, білім мен тәрбие саласына өзіндік үлесін қосқан Мырзасейіт Кенжесейітұлына еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Зейнет демалысыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және еңбегіңіздің жемісін көріп, қуанышқа бөлене беруіңізге тілектеспіз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Әрбір оқушыға сәттілік, әрбір ұстазға шабыт, мектебімізге толағай жетістіктер тілейміз!