Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.191): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде кең көлемде аталып өтті!
Балалардың күлкісі мен шаттығы жарасқан шуақты мерекеде Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағын дәріптеу, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін насихаттау, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды.
Мектеп ауласында ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама қызықты ойындармен, спорттық сайыстармен, ән-бимен және көңілді эстафеталармен жалғасын тапты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытып, мерекенің сәнін келтірді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық әрбір қатысушының көңілінен орын алды.
Мерекелік жиында мектеп директоры Сакен Орынбекұлы сөз сөйлеп, барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өз сөзінде балалардың еліміздің жарқын болашағы екенін атап өтіп, оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, сапалы білім мен үлкен жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, жас ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына және мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын білдірді.
Іс-шара барысында балалар түрлі қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді. Әрбір бүлдіршінге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы бағдарламалар ұйымдастырылып, балалардың белсенді қатысуына барлық жағдай жасалды.
Балалар – қоғамның ең қымбат қазынасы, ел ертеңі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай жарқын мерекелер өскелең ұрпақтың бойында достықты, мейірімділікті және бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Балалардың күлкісі әрдайым сыңғырлап, армандары асқақтай берсін! Барша бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілейміз!