Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары арасында «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» тақырыбында тағылымды пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Абайдың адамзатқа ортақ ойлары мен өнегелі сөздерінің бүгінгі қоғам үшін де маңыздылығы сөз болды. Ұлы ақынның білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, талап пен ізденіс туралы философиялық ойлары талқыланып, ұстаздар өз пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараға арнайы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның шығармалары, өлеңдері, қара сөздері және Абай мұрасын зерттеуге арналған әдебиеттер қойылды.
Кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге және ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шымырбаева Назым мазмұнды шолу жасады. Ол Абайдың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталып, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең ойларды атап өтті.
Пікір алмасу барысында ұстаздар Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге» секілді өлеңдеріндегі білім мен еңбекке үндейтін идеяларына тоқталып, ақын шығармаларының тәрбиелік мәні жөнінде ой бөлісті.
Абайдың «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деген тағылымды сөзі іс-шараның негізгі өзегіне айналып, кітап оқудың, білім іздеудің және үздіксіз ізденістің адам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланды.