Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ 
Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде руханият пен өнерді ұлықтаған, жүректерге жылу сыйлаған ерекше кездесу кеші өтті. Бұл кеш — жас ұрпаққа өнеге, өнерге құрмет, ұлттық рухқа тағзым болған тағылымды басқосу болды.
Кештің құрметті қонақтары — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Болатбек Бүкенов және ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Әнұранының ресми орындаушысы Күзенбаев Талғат Пердебекұлы болды. 
Ардақты қонақтарды мектеп директоры Сакен Орынбекұлы зор құрметпен қарсы алып, мектеп ұжымы мен оқушылары атынан жылы лебізін білдірді. Кездесу кешінің шымылдығы Күзенбаев Талғат Пердебекұлының орындауындағы қасиетті Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. 
Әнұран орындалған сәтте залды ерекше рух, патриоттық сезім мен мақтаныш кернеп, көпшілік өнер иесіне зор қошемет көрсетті. 
Кеш барысында ауылымыздың мақтанышы Болатбек Бүкенов өзінің жүрекке жетер әсем әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 
Әр әннен туған жерге деген сағыныш, елге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух сезіліп тұрды. Қонақтардың өнері оқушылар мен ұстаздарға ерекше әсер сыйлап, кештің мәнін арттыра түсті.
Мектебіміздің өнерлі де талантты оқушысы Әшірхан Толғанай қонақтарға арнап жүрекжарды арнауын оқып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. 
Жас өреннің әсерлі орындауы кештің мазмұнын байытып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.
Кездесу барысында оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өнер жолындағы ізденіс, өмірлік тәжірибе, жетістікке жетудің қыр-сыры жайлы тағылымды жауаптар алды. 
Қонақтардың әрбір айтқан ойы, өмірден түйген тәжірибесі жас буынға үлкен мотивация мен рухани күш сыйлады.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдері де өнерден кенде емес екендіктерін дәлелдеп, қонақтарға арнап әсем әндер орындады. 
Ән мен әуезге толы кеште көрермендер көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттердің куәсі болды.
Кеш соңында қадірлі қонақтар мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, алдағы ҰБТ-ға сәттілік тіледі. 
Жастарға жүрекжарды ақ баталарын беріп, білімнің биік шыңдарын бағындыруға шақырды.
Осындай рухани кештер — жас ұрпақтың бойына өнерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыратыны анық. ️
Бұл кеш — қатысушылардың жүрегінде ұзақ сақталатын, әсері мол, тәрбиелік мәні зор, ұмытылмас кездесу болды.