Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес 2026 жылдың 14 қаңтар күні «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында «Нағыз ер жігіттің белгілері» тақырыбында жоғары сынып (8, 9, 10, 11-сынып) ұлдарына арналған маңызды жиын ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – ер балалардың тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар беру, олардың бойындағы жауапкершілік, ар-намыс және отансүйгіштік қасиеттерді шыңдау.
Жиын барысында инспектор Д. Өрнекбай құқықтық тәрбие бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәртібі жөнінде маңызды мәліметтер берді. Тәрбие жөніндегі орынбасар Н. Оразов тәрбиелік мәні зор ой-пікірлерімен бөлісіп, ер азаматқа тән қасиеттер жайында тоқталды.
Мектеп директоры С. Даужанов жиынды қорытындылап, оқушыларға сәттілік тілеп, ел болашағы – білімді де саналы ұрпақ екендігін атап өтті.