Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.236): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
Бүгін Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі жанынан ұйымдастырылған жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Жазғы лагерь 26.05.2026 – 26.06.2026 жыл аралығында өз жұмысын жүргізеді.
Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қызықты әрі мазмұнды демалыс сыйлау.
Биылғы жазғы лагерьге жалпы 100 оқушы тартылып, оқушылар 5 топқа бөлінді. Әр топпен арнайы жетекшілер мен көмекшілер жұмыс жүргізетін болады.
Мектеп директоры Сакен Орынбекұлының бұйрығына сәйкес лагерь жұмысының сапалы әрі қауіпсіз өтуі үшін тиісті мамандар мен көмекшілер бекітіліп, жауапты қызметтер нақтыланды.
Салтанатты ашылу барысында мектеп директоры Сакен Орынбекұлы сөз сөйлеп, оқушыларды жазғы лагерьдің басталуымен құттықтады. Өз сөзінде балалардың жазғы уақытты пайдалы өткізуі, достық қарым-қатынас орнатуы, жаңа білім мен жақсы әсер алуы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, лагерь барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігіне ерекше тоқталды.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, оқушылар жазғы лагердің алғашқы күнін қуанышпен қарсы алды. Алдағы уақытта лагерьде түрлі спорттық жарыстар, танымдық ойындар, шығармашылық сайыстар мен қызықты шаралар ұйымдастырылатын болады.
Балалардың жазғы демалысы көңілді де қауіпсіз өтсін!