“Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Өрнек» қайырымдылық қорының басшысы Әділбек Нұрсұлтан Бақтиярұлы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде білім алатын әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету, олардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету және оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
Іс-шара барысында мектепте білім алатын 20-дан астам әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары мен киім-кешектер табысталды.
Көрсетілген қайырымдылық көмек оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үлкен қолдау болып, балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына мүмкіндік берді.
Мектеп директоры Сакен Орынбекулы Даужанов пен әкімшілігі және ұжымы атынан «Өрнек» қайырымдылық қорының басшысы Жүнісбеков Нұрсұлтан Бақтиярұлына балаларға көрсеткен жанашырлығы мен қайырымдылық көмегі үшін алғыс білдірілді.