Құрметті ата-аналар!
Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі 2026–2027 оқу жылына 1–11 сыныптарға оқушылар қабылдау басталғанын хабарлайды!
Қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 29 маусымнан бастап тамыз айының соңына дейін.
Мектебімізде білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге барлық жағдай жасалған. Тәжірибелі педагогтер, қауіпсіз әрі жайлы оқу ортасы, заманауи білім беру үдерісі – балаңыздың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Құрметті ата-аналар! Балаңыздың жарқын болашағы үшін Қаратөбе жалпы білім беретін мектебін таңдауға шақырамыз!
Қосымша ақпарат алу және құжаттарды тапсыру үшін мектеп әкімшілігіне хабарласа аласыздар.
Қаратөбе ЖББМ – сапалы білімнің сенімді мекені!
