Тіл – ұлттың рухани тірегі!
Тілдер апталығы онкүндігі аясында 08.09.2026 ж күні,Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің 9 «Б» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шымырбаева Назым Анартайқызының ұйымдастыруымен «Тілім – тірегім, елім – жүрегім» атты сыныптан тыс танымдық-тапқырлық сайысы өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, тілдік білімдерін шыңдау, ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өз топтарына атау қойып, ұрандарын таныстырды. Танымдық сайыс 8 кезеңнен тұрды:
«Ойлы болсаң, озып көр»
«Тілім барда айтылар сыр ойдағы»
«Адасқан әріптер»
«ЖИ арқылы жасалған видеоролик» – бейнематериал негізінде мәтін құрау
«Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді»
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»
«Ойлы болсаң, озып көр»
«Сөз мергені»
Сайыскерлер кезеңдерге дайындалып жатқан сәтте қонақтар арасында «Language Bingo» қызықты ойыны ұйымдастырылып, қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, тілге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, шапшаңдығын, тапқырлығын және шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әр кезең оқушылардың белсенді қатысуына, еркін ойлауына және қазақ тілін жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік берді.
Сайыс соңында топ мүшелері өз лебіздерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.
Өз кезегінде оқу ісінің меңгерушісі өткізілген сыныптан тыс сабаққа өз бағасын беріп, мұғалімнің ізденісі мен оқушылардың белсенділігін атап өтіп, өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Ана тілімізді ардақтау – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз. Тіліне құрметпен қараған ұрпақ – елінің ертеңіне сеніммен қарайды!
#ТілдерАпталығы
#ТілімТірегімЕлімЖүрегім
#ҚазақТілі
#ТілМерекесі
#ҚаратөбеЖББМ
#ТілдіҚұрметтеу
#ҰлттықҚұндылық
#ЖасҰрпақ