2026 жылғы 7 қыркүйек күні мектебімізде Тілдер онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті насихаттау және өзге тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Апталықтың ашылу рәсімін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Ештаева құттықтау сөзімен ашып, оқушылар мен ұстаздарға сәттілік тіледі. Ашылу барысында оқушылар әр тілде өлең оқып, ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Ұлттық құндылықтарымыз бен түрлі тілдердің ерекшеліктері көрініс тауып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Тіл – достықтың алтын көпірі» демекші, бірнеше тілді білу – білім көкжиегін кеңейтіп, түрлі мәдениеттерді жақындастыратын үлкен мүмкіндік.
Апталық аясында оқушыларды қызықты сайыстар, шығармашылық жұмыстар мен танымдық іс-шаралар күтеді!
Тілді құрметтеу – елді құрметтеу!
Тілдер апталығы сәтті өтсін!