Өткен оқу жылы мектебіміз үшін толайым жетістіктер мен жарқын нәтижелерге толы жыл болды. Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі мен оқушыларымыздың білімге деген талпынысының арқасында бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткіздік.
44 оқушы оқу жылын аяқтап, мектеп бітіруші түлектер қатарын толықтырды.
Олардың ішінде 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.
Түлектеріміздің 41-і жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Оның ішінде:
21 оқушы – ақылы негізде;
16 оқушы – жалпы конкурс нәтижесінде мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды.
ҰБТ қорытындысы бойынша көрсеткіш – 62,2%.
Бұл – оқушыларымыздың білімге деген ұмтылысы мен табандылығының, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Барша түлектерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы студенттік өмірлеріне сәттілік, таңдаған мамандықтары бойынша биік белестерді бағындыруды тілейміз!
