Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің «Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhkaratobe.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында 25 мамыр — Соңғы қоңырау мерекесі Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде жоғары деңгейде, ерекше салтанатпен ұйымдастырылды.
Бұл күн — мектеп өміріндегі ең толғанысты, ең әсерлі сәттердің бірі. Бірі үшін балалық шақпен қоштасар мезет болса, енді бірі үшін жазғы демалысқа бастар қуанышты кезең. Ал мектеп ұжымы мен ата-аналар үшін — бір жылдық еңбектің қорытындыланатын, жетістіктер мен жеңістер сараланатын ерекше мереке. 
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерекелік көңіл-күйге ұласты. Биылғы оқу жылының қорытынды мерекесі «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбымен үндесіп, жас ұрпақтың бойына әділдік, жауапкершілік, тәртіп, отансүйгіштік сынды маңызды құндылықтарды сіңіруге бағытталды. 
Мерекелік жиында мектеп директоры Сакен Орынбекұлы сөз сөйлеп, барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды, қадірлі қонақтарды және оқушыларды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтады. Өз сөзінде ол білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін, саналы да білімді ұрпақ — ел болашағының кепілі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, елге адал қызмет ететін, білімді де тәрбиелі азамат болуларына сенім білдірді. 
Салтанатты жиын барысында оқу жылы бойы табанды еңбек етіп, мектептің дамуына үлес қосқан ұстаздар мен қызметкерлер марапат төрінен көрінді. Түрлі деңгейдегі Алғыс хаттар, Құрмет грамоталары мен Мақтау қағаздары табысталып, еңбектері еленген жандарға ерекше құрмет көрсетілді. 
Мерекеге арнайы ауыл әкімі, қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мүшелері, ата-аналар кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаздар, ата-аналар және ауыл тұрғындары қатысып, мектеп түлектеріне жүрекжарды тілектерін арнады. Қонақтар өз сөздерінде жас түлектерге биік мақсат, жарқын болашақ, сәтті сапар тілеп, еліміздің дамуына үлес қосатын азамат болуларына ниет білдірді.
Кеш барысында оқушылардың әндері шырқалып, жүрекке әсерлі өлеңдер оқылды. Бітіруші түлектердің ұстаздарына арнаған алғыс сөздері мен қоштасу сәттері көпшіліктің көңілін толқытып, ерекше әсер сыйлады. Әсіресе, соңғы қоңыраудың сыңғыры мектеппен қоштасып тұрған түлектер үшін ұмытылмас сәтке айналды. 
Соңғы қоңырау — бұл тек мереке ғана емес, әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын естелік. Мектеп қабырғасындағы балдәурен шақпен қоштасқан түлектерге ақ жол, мол сәттілік, асқақ арман мен жарқын болашақ тілейміз!
Ұстаз еңбегі әрдайым биік бағаланып, шәкірт жетістігімен жалғаса берсін!